Санатты таңдаңыз Кеңес алу
RU / KZ

Smartbank.kz арқылы

СҮЙІКТІ
САНАТТЫ

таңдаңыз және әр төлемнен
көтеріңкі бонустарды алыңыз

Қатысушы атану Бағдарлама жайлы біліңіз

Санатты таңдаңыз

Шексіз бонустар
әлемін ашыңыз!

Smartbank.kz қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы сүйікті санатты таңдаңыз және әр төлемнен көтеріңкі бонустарды алыңыз.

Бонустық бағдарламаның артықшылықтары

  • Қосымша бонустар

    Қосымша бонустар

    1. 1 000 000 теңгеден астам депозит - +1%

    2. Smartbank.kz қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы сүйікті санаттардағы көтеріңкі бонустар:

    3. Мейрамханалар, барлар, кафелер: 6% дейін.

    4. Супермаркеттер: 6% дейін.

    5. Әуе ұшулар, саяхаттар: 6% дейін.

    6. Көлік, ЖЖС, ТҚС: 6% дейін.

    7. Киім, аксессуарлар: 6% дейін.

    8. Электроника, тұрмыстық техника: 6% дейін.

    9. Дәріханалар, медициналық қызметтер: 6% дейін.

  • Әлемнің түпкір-түпкірінде жасалған
    кез келген сатып алулар үшін бонустар

    Әлемнің түпкір-түпкірінде жасалған
    кез келген сатып алулар үшін бонустар

    1. Барлық сатып алулар/қызметтер – 1.5%-ға дейін

    2. Smartbank.kz қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы сүйікті санаттарды орнату 6% дейін

    3. Отельдерді брондау және төлеу: 8% дейін

    4. Картадағы қалдық үшін: 10% дейін.

    5. Сақтандыру: 30% дейін.

  • Бонустар = Нақты ақша

    Бонустар = Нақты ақша

    1. Бонустық шоттан карточкалық шотқа аударым 1 бонус = 0.9 теңге

    2. Пайдаланылмаған бонустардың күйіп кетуі: 12 ай өткеннен кейін.

  • Бонустармен сатып
    алулар үшін ақы төлеу

    Бонустармен сатып
    алулар үшін ақы төлеу

    1. Барынша көп бонус жинаңыз да олармен өз сатып алуларыңыз үшін төлеңіз! Сатып алулар үшін бонустарды жұмсау кезінде
      1 бонус = 1 теңге.

    2. Smartbank.kz бонустармен төлеу

Көтеріңкі бонустарды қалай алуға болады?

1

Еуразиялық банк картасын ашыңыз немесе қолданыстағы картаңызды пайдаланыңыз

2

Smartbank.kz қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы сүйікті санатты таңдаңыз.

3

Сүйікті санаттарда сатып алулар үшін 6%-ға дейін табыс көріңіз.

Сүйікті санаттарда көтеріңкі бонустарды алыңыз

Сүйікті санатты оңтайлы қосымшада немесе Smartbank.kz жеке кабинетінде орнатуға болады!

6%

Отельдер/Әуе билеттер

Отельдерді eubank.onetwotrip.com серіктес сайты арқылы брондаңыз және 6%-ға дейін бонустарды алыңыз

6%

Мейрамханалар

Мейрамханалар, барлар, кафелер: 6% дейін. Бүкіл жер жүзінде таңдаулы тағамдардан ләззат алыңыз: 6%-ға дейін бонус.

6%

ЖЖС

Көлігіңізге жанармайды кез келген ЖЖС-тан құйыңыз, кез келген ТҚС-та жөндеңіз және 6%-ға дейін бонус.

6%

Электроника

Тұрмыстық техниканы және электрониканы сатып алыңыз және 6%-ға дейін бонусты алыңыз.

6%

Супермаркеттер

Супермаркеттер: 6% дейін. Әлемдегі кез келген супермаркетте сауда жасаңыз және 6%-ға дейін бонусты алыңыз.

6%

Киім, аксессуарлар

Дүние жүзінде киімді және аксессуарларды сатып алыңыз және 6%-ға дейін бонусты алыңыз.

6%

Дәріханалар

Кез келген дәріханада, медициналық орталықта қалағаныңызды сатып алыңыз және 6%-ға дейін бонусты алыңыз.

Сатып ала табыс табыңыз!

Бонустық бағдарламаның көмегімен күнделікті сатып алулардан
қанша табыс таба аламын?

Картаның түрі

Gold Premium

1 млн. теңгеден артық
сомада депозиттің бар болуы

Иә Жоқ

Санат

Жалақыңызды енгізіңіз

Кезең:

1 ай 1 жыл

Қалдыққа берілетін бонус

Сіз табасыз
0

Сатып алулар үшін бонус

Сіз табасыз
0

Депозит үшін бонус

Сіз табасыз
0

Сіз табасыз:
0 бонусов

* Деректер келесі көрсеткіштердің негізінде есептелген: орташа айлық қалдық — жалақыдан 25%,
төлем карточкаларын пайдаланумен сатып алулар — жалақыдан 25%.

Картаға
тапсырыс беріңіз
және біз оны үйіңізге су тегін жеткіземіз!

Картаға тегін тапсырыс беру

Сұрақтар мен жауаптар

  • Бонус
  • Кепілдендірілген бонусы
  • Қосымша бонус
  • Жиі қойылатын сұрақтары
  • +Бонус дегеніміз не?

    Бонус - "Еуразиялық банк" АҚ-пен төлем карточкалары бойынша операцияларды жүргізу және клиенттің басқа да банктік белсенділігі үшін арнайы бонустық шотқа бонустар түрінде сатып алу құнының бөлігін қайтару арқылы клиентке білдірген алғысы.

  • +Бонустық бағдарламаның қатысушысы деп қалай атануға болады?

    "Еуразиялық банк" АҚ бонустық бағдарламасында тіркелу тегін және Еуразиялық банктің төлем карточкасын ресімдеу кезінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

  • +Мен бонусты не үшін ала аламын?

    1. POS-терминал арқылы кез келген сауда орындарында тауарларды/қызметтерді сатып алу үшін.
    2. Карточкалық шотта қалдықты сақтау үшін.
    3. Еуразиялық банктегі депозиттерде қаражаттарды сақтау үшін.

  • +Карта бойынша жүргізілген операция үшін қандай бонус ала аламын?

    Банк карта бойынша операцияларды жүргізу кезінде келесі бонустарды есептейді:

    1. Кепілдендірілген бонус.
    2. Smartbank.kz қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы сүйікті санатты орнату кезіндегі көтеріңкі бонус.
    3. 1 миллион теңгеден артық сомадағы депозит үшін бонус.

    Мысалы, сіз мейрамханада жақында алған Gold кредит картасымен 50 000 теңге сомасында операцияны жүргіздіңіз және сіз ол бойынша Smartbank.kz-те "Ресторандар, барлар, кафелер" сүйікті санатты таңдадыңыз. Сондай-ақ сізде 1 миллион теңгеден артық сомаға депозит ашылған.
    Сіздің табысыңыз:
    1. Кепілдендірілген бонус: 1% — 500 бонус.
    2. Сүйікті санаттар шеңберінде көтеріңкі бонус: 2% — 1000.
    3. Депозит үшін қосымша бонус: 1% — 500.

    Сонымен карта бойынша өткізілген операция үшін Сіз 3 000 бонус мөлшерінде табыс көресіз!

  • +Кепілдендірілген бонус дегеніміз не?

    Кепілдендірілген бонус - операциялардың келесі санаттарын қоспағанда, сатып алу қай жерде және қай уақытта жасалғанына қарамастан есептелетін бонус:

    1. Банкоматтарда, төлем терминалдарында және ЕКБ кассаларының POS-терминалдарында қолма-қол ақшаны алу/салу;
    2. Жеке және/немесе заңды тұлғалардың банктік шоттары бойынша ақшаны аудару;
    3. Лотерея билеттерін сатып алу, казинода, тотализатор бойынша есеп айырысу, жол чектерін, облигацияларды және асыл металдарды сатып алу, оның ішінде интернет арқылы сатып алу;
    4. Коммуналды қызметтер үшін ақы төлеу;
    5. Телекоммуникация қызметтері үшін ақы төлеу;
    6. Мемлекеттік қызметтер үшін ақы төлеу (айыппұлдар, салықтар және т.б.);
    7. Электронды құрылғылар арқылы картамен төлеу (төлем терминалдары, банкоматтар және т.б.);
    8. басқа банктердің қаржы порталдарында қызметтер үшін ақы төлеу және тауарларды сатып алу.

  • +Кепілдендірілген бонустың мөлшері қандай?

    1. Gold топтамасы үшін кепілдендірілген бонус - 1%
    2. Premium топтамасы үшін кепілдендірілген бонус - 1.5%

  • +Көтеріңкі бонус дегеніміз не?

    Сіз Smartbank.kz қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы қай сүйікті санатты белгілегеніңізге байланысты кепілдендірілген бонустардың үстінен есепке алынатын көтеріңкі бонустарды табыс ретінде ала аласыз. Мысалы, өзіңіздің Gold картаңыз бойынша Smartbank.kz-те сүйікті санат ретінде "Автоны" таңдасаңыз және ЖЖС-та сатып алу операциясын жасаған болсаңыз, онда сүйікті санат шеңберінде кепілдендірілген бонустардың (1%) үстінен сізге көтеріңкі бонустар (2%) есептелетін болады.

  • +Көтеріңкі бонустың мөлшері қандай?

    1. Gold топтамасы үшін Smartbank.kz қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы сүйікті санатты орнату кезінде:
      1. Мейрамханалар, барлар, кафелер: 2%.
      2. Супермаркеттер: 2%.
      3. Әуе ұшулар, саяхаттар: 2%.
      4. Көлік, ЖЖС, ТҚС: 2%.
      5. Киім, аксессуарлар: 2%.
      6. Электроника, тұрмыстық техника: 2%.
      7. Дәріханалар, медициналық қызметтер: 2%.
    2. Premium топтамасы үшін Smartbank.kz қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы сүйікті санатты орнату кезінде:
      1. 1. Мейрамханалар, барлар, кафелер: 3,5%.
      2. 2. Супермаркеттер: 3,5%.
      3. 3. Әуе ұшулар, саяхаттар: 3,5%.
      4. 4. Көлік, ЖЖС, ТҚС: 3,5%.
      5. 5. Киім, аксессуарлар: 3,5%.
      6. 6. Электроника, тұрмыстық техника: 3,5%.
      7. 7. Дәріханалар, медициналық қызметтер: 3,5%.

  • +Қосымша бонус дегеніміз не?

    Қосымша бонус Еуразиялық банкте 1 млн. теңгеден артық сомада депозиті бар клиенттер үшін есептеледі.

  • +Қосымша бонустың мөлшері қандай?

    1% мөлшерде қосымша бонус таңдалған өнімге және карта бойынша операцияларды жасаған орынға қарамастан барлық клиенттерге есептеледі.

  • +Бонусты алуға қатысты шектеулер бар ма?

    Бонустарды алу лимиті бонустардың әр түрі бойынша 10 000 бонусты құрайды, яғни карта бойынша бір операция үшін бонустардың ең көп саны 30 000 бонусқа (кепілдендірілген бонус - 10 000, көтеріңкі бонус - 10 000, қосымша бонус - 10 000) тең мөлшермен шектеледі. Бонустарды алуға қатысты күн сайынғы, ай сайынғы немесе жыл сайынғы шектеулер жоқ.

    Жылдық 10% бонус 10 000 теңгеден кем, 1 000 000 теңгеден астам қалдықтарға есептелмейді

  • +Бонустарды қай жерде жұмсай аламын?

    1. Бонустарды SmartBank қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы "тірі" ақшаға аудара аласыз.
      Бонустарды карточкалық шотыңызға аудару үшін Сізге келесі әрекеттерді жасау керек:
      1. «SmartBank» қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесі арқылы авторлану.
      2. "Аударымдар" қосымша бетіне өтіңіз, содан кейін "Банкішілік" және "Өз шоттарыңыз арасындағы аударымдар" қосымша беттеріне өтіңіз (бұл нысан үнсіз келісім бойынша ашылады).
      3. Есептен шығару шотында "Бонустық шотты" көрсетіңіз.
      4. Тағайындау шотында теңгеде ашылған карточкалық шотты көрсетіңіз.
      5. Соманы енгізіңіз (бонустар сомасын толығымен аудару үшін бонустардың қолжетімді қалдығының жалпы сомасын 1,1 коэффициентіне бөлу қажет).
    2. Операцияны ұялы телефонға түскен біржолғы құпия сөз көмегімен растау. Операция нәтижесін "Тапсырмалар тарихы" - "Аударымдар және төлемдер" қосымша бетінен көре аласыз. Бонустармен Smartbank.kz қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесінің web-нұсқасында жеткізушілердің пайдасына қызметтерді төлеу арқылы төлем құнының 100%-ға дейін мөлшерін төлеуге болады. Ол үшін жеткізушінің пайдасына төлем жасау кезінде "Бонустарды жұмсау" опциясын таңдау қажет. Бонустардың көмегімен жеткізушілердің пайдасына қызметтер үшін ақы төлеген кезде карточкалық шотта төлеуге қажет сомаңыз жеткілікті болуы тиіс, бірақ төлеу бонустар есебінен жүзеге асырылады (мысалы, ұялы байланыс үшін 1 000 теңге төлеу үшін карточкалық шоттағы қалдық 1 000 теңгеден кем болмауы тиіс, бірақ есептен шығару бонустық шоттан жүзеге асырылады).

  • +Қанша бонусты жұмсай аламын?

    1. Клиент бонустарды өз карточкалық шотына аударған кезде кез келген соманы аудара алады. Осындай операция кезінде 1 бонус = 0.9 теңге. Бонустарды аударғаннан кейін оларды әлемнің кез келген жерінде кез келген мақсатқа пайдалана аласыз.
    2. Сауда орындарда және интернет-дүкендерде сатып алынған заттың бөлігі үшін төлеу кезінде бонустарды жұмсаудың ең көп мөлшері сатып алу сомасынан 10%-ды құрайды. Осындай операция кезінде 1 бонус = 1 теңге.
  • +Неге мен бонустарды жұмсай алмаймын?

    1. Сізде «SmartBank» қашықтықтан қызмет көрсету жүйесінде бонустарды жұмсау опциясы қосылмаған.
    2. Сіздің бонустық шотыңызда бонустар саны 100 бонустан аз.
    3. Сіз жасаған операция бонустық бағдарламаның айрықшалықтарына жатады.

  • +Бонустардың күйіп кетуі мүмкін бе?

    Жиналған бонустардың әрекет ету мерзімі есепке алынған күннен бастап 12 ай. 12 ай өткеннен кейін пайдаланылмаған бонустар күйіп кетеді.

  • +Неге карта бойынша жасалған операция үшін маған бонустар есептелмеді?

    1. Сіз айрықшалықтарға кіретін операцияны жасадыңыз.
    2. Сіз бонустық бағдарламаға қатыспайтын картамен төлемді жасадыңыз.
    3. Сіз бонус есептелмейтін операцияны жасадыңыз.

  • +Неге маған мен күткеннен аз бонустар есептелді?

    1. Эквайер банкі сауда орнына тиісті емес санат кодын (МСС – merchant category code) белгіледі.
      "Еуразиялық банк" АҚ бонустық бағдарламасының қатысушыларына халықаралық төлем жүйелерінен алынған операцияның қаржы құжаты негізінде бонустар есептеледі. Эквайер банкі сауда орны үшін қате параметрді (мысалы мейрамхананың орнына бөлшек сауда дүкенін немесе интернет-дүкеннің орнына POS-терминалмен қызмет алу белгісін көрсету) белгілеген жағдайда бонус төлем жүйесінен алынған нақты ақпаратқа сәйкес есептелетін болады.
    2. Депозит бойынша қалдық бонустық бағдарламада жаңармады.
      Депозиттер бойынша қалдық бонустық бағдарламада 3 жұмыс күн ішінде жаңарып тұрады. Бұл айлакерлік операциялардың санын азайту және бонустық бағдарламаны теріс пайдалану жағдайларын болдырмау мақсатында жасалып жатыр.

  • +Жиналған бонустардың сомасын қай жерден көре аламын?

    1. Қолжетімді және растауды күтіп жатқан бонустардың санын "Smartbank" қашықтықтан қызмет көрсету жүйесінің толық немесе оңтайлы нұсқасынан (Android үшін) көре аласыз.
    2. Сіз *979# USSD-нөмірі бойынша ұялы телефоннан сұратуды жасай аласыз.

ОСТАВЬТЕ ЗАЯВКУ

Мы свяжемся с вами в ближайшее время!